Қоғам

Ұлттық білім платформасы жаңғыртылып, 490 мыңнан астам өтініш онлайн қабылданды

Сурет: @KZgovernment

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Ұлттық білім беру деректер қорын жаңғырту жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Кеңесте оқу-ағарту министрі мен «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы деректер қорын жаңғырту және соның негізінде Ұлттық білім беру платформасын дамыту барысы туралы есеп берді.

Шымкент қаласы, Түркістан, Ақтөбе және Алматы облыстары әкімдерінің орынбасарлары өңірлердегі білім беру мекемелерін цифрландыру жұмыстары жөнінде баяндады.

Жаңартылған жүйе арқылы 1-сыныпқа қабылдауға 490 мыңнан астам өтініш онлайн түрде берілген. Техникалық, орта білімнен кейінгі және кәсіптік білім беру ұйымдарына қабылдау толық автоматтандырылған. Соның нәтижесінде колледждерге 220 мыңнан астам талапкер оқуға түскен.

Нұрлыбек Нәлібаев Ұлттық білім беру платформасын енгізу халыққа білім саласындағы мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды қамтамасыз етіп қана қоймай, бюджет қаражатын айтарлықтай үнемдеуге және үнемделген қаржыны білім беру саласындағы өзге де қажеттіліктерге жұмсауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Көп оқылғандар