Сурет: Egemen Qazaqstan
Төтенше жағдайлар министрлігі шомылу маусымында су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады. Жазатайым оқиғалардың көбі тыйым салынған және жабдықталмаған жерлерде болады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ балаларды су жағасында қараусыз қалдырмауға, мас күйінде шомылмауға, белгіленген қалқымалардан асып жүзбеуге кеңес береді. Сондай-ақ тексерілмеген жерлерге сүңгуге, жүзуге арналмаған заттармен суда жүзуге болмайды.
Өрт қауіпті кезеңде орман мен далада от жағуға, сіріңке мен темекі тұқылын тастауға, шыны ыдыстарды қалдыруға тыйым салынады. Өрт көрсеңіз, 101 немесе 112 нөміріне хабарласу қажет.

