Әлем

Түркия Испаниядағы орман өрттерін сөндіруге екі ұшақ жіберді

Сурет: Анадолы

Түркия Испаниядағы орман өрттерін сөндіруге екі ұшақ жіберді. Бұл туралы Түркияның Ауыл және орман шаруашылығы министрі Ибрагим Юмаклы мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Министрдің айтуынша, әуе кемелері Испания тарапының өтінішіне жауап ретінде жөнелтілген.

«Түркия бұрынғыдай көмекке мұқтаж елдерге қолдау көрсетуді жалғастырып келеді. Осыған байланысты достық қарым-қатынастағы Испанияның сұранысы бойынша біз орман өрттерін сөндіруге арналған екі ұшақ жібердік», деп жазды министр Түркияның NSosyal әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Испаниядағы орман өрті 77 мың гектардан астам аумақты шарпыды. Демалыс күндері шығыстағы Кастельон провинциясында тұтанған тағы бір орман өрті 18 муниципалитеттегі 16 мыңнан астам тұрғынға әсер етті.

Көп оқылғандар