Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-пен екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері жөніндегі келіссөз процесіндегі өкілі Ержан Қазыханды қабылдады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Кездесуде АҚШ Президенті Дональд Трамптың шақыруымен G20 саммитіне қатысу үшін Майамиге жоспарланған сапарға дайындық барысы туралы баяндалды. Мемлекет басшысы Қазақстан-Америка кеңейтілген стратегиялық серіктестігін одан әрі дамыту жөнінде нақты міндеттер жүктеді.
Бұған дейін Президент Ресей Жоғарғы сотының төрағасы Игорь Красновты қабылдағаны белгілі. Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев ортақ тарихқа, тату көршілікке, сондай-ақ қос халық арасындағы өзара құрмет пен берік байланысқа негізделген Қазақстан-Ресей қарым-қатынасының айрықша сипатына назар аударды.
Мазмұнға өту
