Тоқаев журналистерге: Егемендікті қорғау – әр отандастың міндеті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық журналистерді Ұлттық басылым күнімен құттықтап, оларға арнайы үндеу жолдады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы өз сөзінде бұқаралық ақпарат құралдарының Әділетті Қазақстанды құруда және қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидатын орнықтыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

«Конституциялық реформаны және мемлекеттік жүйені түбегейлі жаңғыртуға бағытталған ауқымды өзгерістерді халыққа жеткізуде БАҚ өкілдері сындарлы жұмыс істеуі қажет», – делінген Президент үндеуінде.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев патриотизм ұғымына терең тоқталып, оның негізі жауапкершілік пен жасампаздықта жатқанын жеткізді.

«Заңды құрметтеу арқылы егемендігіміз бен тәуелсіздігімізді қорғау – ұлты мен дініне қарамастан, әрбір отандасымыздың қасиетті міндеті», – деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Сөз соңында Президент отандық журналистердің осы маңызды іске белсенді атсалысатынына сенім білдіріп, оларға шығармашылық табыс пен бақ-береке тіледі.

Ұқсас жазбалар

ОБРАЩЕНИЕ Центральной избирательной комиссии

УВАЖАЕМЫЙ ИЗБИРАТЕЛЬ! 23 августа 2026 года впервые в истории Республики Казахстан состоятся выборы депутатов Курултая.…

Орталық сайлау комиссиясының ҮНДЕУІ

ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫ! 2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасының тарихында тұңғыш рет Құрылтай депутаттарын сайлау өтеді.…

Терроризмге қарсы қорғау талаптарын бұзған 263 басшы жауапкершілікке тартылды

Ішкі істер министрлігі биылғы жылдың 5 айында терроризм тұрғысынан осал 2 665 нысанды тексерген. Тексерілген…