Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жаңа төрағасы Марат Ирменовті таныстырып, оған бірқатар міндет жүктеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Президент ҰҚК басшылығымен өткен жиында ұлттық қауіпсіздік органдарын реформалау, ведомство алдындағы мақсаттарға жетудің жаңа тәсілдерін әзірлеу және қызмет тиімділігін арттыру қажеттігін атап өтті.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы «Заң мен Тәртіп» қағидатын орындауға, экономикадағы ұлттық мүддені қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлық пен өзге де заң бұзушылықтарға қарсы күреске баса назар аудару керектігін айтты.
Президент кадрларды іріктеу тәртібін жетілдіру, әлеуметтік-экономикалық тұрақтылыққа төнетін қауіптің алдын алу, басым мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру кезінде жемқорлық тәуекелдерін болдырмау жөніндегі профилактикалық шараларды күшейту туралы тапсырма берді.
Еске сала кетейік, бүгін Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Сағымбаев ҰҚК төрағасы қызметінен босатылып, бұл лауазымға Марат Ирменов тағайындалды.
Мазмұнға өту
