Басты тақырып

Тоқаев телекөпірде «Таза Қазақстан» акциясын қорытындылады

Бүгін «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында телекөпір өтті. Оған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып, акцияның алғашқы қорытындыларын жариялады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Телекөпір барысында еліміздің түкпір-түкпірінен тазалық шараларына қатысқан белсенділер мен еріктілер есеп берді. Шымкент басты алаңға айналды – мұнда мыңдаған адам көшелерді, саябақтарды және өзен жағалауларын қоқыстан тазартты.

Президент акцияны жоғары бағалап, экологиялық мәдениетті қалыптастыру маңызды екенін атап өтті.

«Тазалық – әрқайсымыздың күнделікті парызымыз. Мемлекет қолдау көрсетеді, бірақ бастысы – халықтың белсенділігі», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Акция аясында еліміз бойынша 500 мыңнан астам адам қатысып, 10 мың тонна қоқыс шығарылды. Енді «Таза Қазақстан» жобасы жүйелі түрде жалғасып, әр айдың соңғы сенбісінде жалпыұлттық сенбіліктер өткізілмек.

Көп оқылғандар