Сурет: ашық дереккөз
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда қорытындысы бойынша 24 қарашада доллардың орташа бағамы 458,28 теңгені құрады. Бір тәулікте доллар 3,19 теңгеге өскен, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстанның ақша айырбастау орындарында шетел валюталары мына бағамен саудаланып жатыр:
- Доллар: сатып алу – 457–459 теңге, сату – 459–461 теңге;
- Еуро: сатып алу – 495–502 теңге, сату – 501–505 теңге;
- Рубль: сатып алу – 5,25–5,31 теңге, сату – 5,34–5,4 теңге.
Ал Brent маркалы мұнайдың қаңтар айына арналған фьючерстері барреліне 89 долларды құрады.
Айта кетейік, бұған дейін 40 триллион доллар қарызға батқан АҚШ банкрот болуы мүмкін екенін хабарлаған едік.
Мазмұнға өту


