Тоқаев пен Чехияның бұрынғы премьері Бабиш келіссөз жүргізді: не талқыланды?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Чехияның бұрынғы премьер-министрі Андрей Бабишпен шағын құрамда кездесіп, екіжақты ынтымақтастықты талқылады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Президент Бабишті Қазақстанда жақсы танитынын айтып, оны Чехияда ғана емес, бүкіл Еуропаға танымал саяси қайраткер деп атады. Кездесуде сауда-экономикалық байланыстар мен инвестициялық жобаларға басымдық берілді.

«Біз сіздің тәжірибеңіз бен көзқарасыңызды жоғары бағалаймыз. Екі ел арасындағы әріптестікті одан әрі нығайтуға дайынбыз», — деді Тоқаев.

Андрей Бабиш өз кезегінде Қазақстанның Орталық Азиядағы маңызды серіктес екенін атап өтті. Тараптар энергетика, ауыл шаруашылығы және логистика салаларында бірлескен жобаларды іске қосу мүмкіндігін қарастырды.

Ұқсас жазбалар

Президент Ішкі істер министрінен қылмыс ахуалы туралы есеп тыңдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдап, елдегі криминогендік ахуал мен ведомство жұмысы…

Астанадағы Триатлон саябағында балалар алаңы өртенді

Астананың Алматы ауданындағы Триатлон паркінде балалар алаңы өртеніп, өрт сөндірушілер 25 шаршы метр аумақты шарпыған…

17 маусымда бес қалада ауа сапасы нашарлайды

«Қазгидромет» РМК 17 маусымға арналған ауа сапасы болжамын жариялады. Балқаш, Ақтөбе, Алматы, түнде Қостанай және…