Басты тақырып

Тоқаев пен Чехия премьері: ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері

Қасым-Жомарт Тоқаев Чехия Премьер-министрі Андрей Бабишпен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Екі ел делегациялары қатысқан кездесуде Мемлекет басшысы өзара ықпалдастықты нығайтудың үлкен әлеуетін атап өтті. Тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық бағыттардағы бірлескен жобаларды талқылады.

«Біздің ынтымақтастығымыздың зор мүмкіндігі бар. Екіжақты қатынастарды жаңа деңгейге көтеруге тиіспіз», — деді Тоқаев.

Андрей Бабиш Қазақстанмен серіктестікті дамытуға мүдделі екенін жеткізіп, энергетика, ауыл шаруашылығы және логистика салаларындағы бірлескен жұмыстарды жандандыруды ұсынды.

Көп оқылғандар