Басты тақырып

Тоқаев Палестина Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Сурет: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Палестина Президенті Махмұд Аббасқа және оның отандастарына Палестинаның Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы Палестина көшбасшысының бейбітшілік пен тұрақтылыққа ұмтылған бағыты халық бірлігін сақтауға, ел егемендігін нығайтуға және әлеуметтік-экономикалық дамуға ықпал етіп, екіжақты қарым-қатынастың одан әрі өркендейтініне сенім білдірді.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Махмұд Аббасқа жауапты қызметінде табыс, ал Палестина халқына құт-береке тіледі.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Фуджейра әмірлігінде болған жол-көлік апатында адамдардың қаза табуына байланысты шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянға көңіл айтқан болатын.

Көп оқылғандар