Басты тақырып

Тоқаев Оңтүстік Африка президентін Бостандық күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік Африка Республикасының президенті Сирил Рамафосаға құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Президент Сирил Рамафоса мен оның отандастарын ұлттық мейрам – Бостандық күнімен құттықтады. Тоқаев Оңтүстік Африканың тәуелсіздік жолындағы жетістіктерін атап өтті.

«Оңтүстік Африка халқының бостандық пен теңдікке деген ұмтылысы – бүкіл әлемге үлгі», – делінген жеделхатта.

Қазақстан президенті екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниетті екенін жеткізді.

Көп оқылғандар