Тоқаев Оман өкілін қабылдап, экономикалық ынтымақтастықты талқылады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Оман Сұлтандығы Премьер-министрінің экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасарын қабылдады. Кездесуде екіжақты сауда-экономикалық қарым-қатынасты дамыту мәселелері сөз болды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Тараптар инвестициялық жобаларды іске асыру және энергетика саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін пысықтады. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы мен логистика салаларында бірлескен жұмыс істеуге келісті.

Оман өкілі Қазақстанның тұрақты дамуына жоғары баға беріп, өзара тиімді серіктестікті нығайтуға ниетті екенін жеткізді.

Ұқсас жазбалар

9-11 маусымда Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады

9-11 маусым аралығында Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Бұл туралы «Қазгидромет» мәлімдеді.

Түркістан облысының прокуроры лауазымына Бауыржан Мырзакеров тағайындалды

Мемлекет басшысының келісімімен және Бас Прокурордың бұйрығымен 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Бауыржан Қыпшақұлы Мырзакеров Түркістан…

Ұландықтар LRT станцияларында қоғамдық тәртіпті күзетуге кірісті

Ұлттық ұланның әскери қызметшілері LRT станцияларында жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.