Басты тақырып

Тоқаев Лукашенкомен сөйлесті: екі ел арасындағы ынтымақтастық нығаяды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Әңгіме барысында екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды. Тараптар өзара тиімді жобаларды іске асыруға келісті.

Президенттер сондай-ақ халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылды жалғастыруға уағдаласты.

Көп оқылғандар