Тоқаев халықты Бірлік күнімен құттықтады: «Татулық – ең басты құндылық»

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын ұлттық бірлік мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Президенттің айтуынша, бұл күн – әртүрлі этнос пен дін өкілдерінің татулығы мен ынтымағының символы. Ол елдегі тұрақтылық пен келісімнің арқасында Қазақстан даму жолында зор жетістіктерге жеткенін атап өтті.

«Біздің басты байлығымыз – бірлік пен татулық. Осы құндылықтарды сақтай отырып, болашақта да биік белестерді бағындырамыз», – деді Президент.

Мереке қарсаңында еліміздің түкпір-түкпірінде, соның ішінде Батыс Қазақстан облысында да мәдени шаралар өтіп жатыр. Орал қаласында ұлттық өнер ұжымдарының концерті ұйымдастырылды.

Ұқсас жазбалар

Президент Ішкі істер министрінен қылмыс ахуалы туралы есеп тыңдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдап, елдегі криминогендік ахуал мен ведомство жұмысы…

Астанадағы Триатлон саябағында балалар алаңы өртенді

Астананың Алматы ауданындағы Триатлон паркінде балалар алаңы өртеніп, өрт сөндірушілер 25 шаршы метр аумақты шарпыған…

17 маусымда бес қалада ауа сапасы нашарлайды

«Қазгидромет» РМК 17 маусымға арналған ауа сапасы болжамын жариялады. Балқаш, Ақтөбе, Алматы, түнде Қостанай және…