Басты тақырып

Тоқаев Чехия премьеріне «Достық» орденін табыстады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Чехия Премьер-министрі Андрей Бабишті І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады. Бұл награда оған екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін берілді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Андрей Бабиш 2017-2021 жылдар аралығында Чехия үкіметін басқарды. Ол Қазақстанмен экономикалық және саяси байланыстарды дамытуға белсенді атсалысты.

Бұл марапат – екіжақты қарым-қатынастың жоғары деңгейінің белгісі, – деді Президент Тоқаев.

Марапаттау рәсімі Астанада өтті. Тараптар ынтымақтастықты одан әрі тереңдету жөнінде де пікір алмасты.

Көп оқылғандар