Басты тақырып

«Таза Қазақстан» акциясы: Президент жастарға экологиялық миссия жүктеді

Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы өтті. Президент екі жыл бұрын басталған бұл игі бастаманы жалғастырудың маңызын атап өтті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Биыл акция аясында 1 миллионға жуық ағаш отырғызылып, 200 мың тонна қоқыс шығарылды. Президенттің айтуынша, экология мәселесін ешбір ел жалғыз шеше алмайды, сондықтан бұл – бүкіл адамзаттың ортақ міндеті.

«Таза Қазақстан – бұл тек акция емес, бұл біздің ұлттық идеологиямызға айналуы тиіс. Жастарға зор сенім артамын, өйткені олар – өзгерістің қозғаушы күші», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент жастарды экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, табиғатты қорғауға белсенді атсалысуға шақырды. Ол экологиялық ахуалды жақсарту үшін әрбір азаматтың үлесі маңызды екенін еске салды.

Көп оқылғандар