Әлем

СІМ Ресейдегі азаматтар туралы мәлімдеме жасады

Сурет: СІМ

Сыртқы істер министрлігі Ресейге жұмыс іздеп барып, соғысқа аттану қаупі туындаған Қазақстан азаматтарынан түскен өтініштерді тексеріп жатыр. Бұл туралы ведомство хабарлады, деп жазады Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

СІМ бұған дейін әлеуметтік желіде бейнеүндеу жариялаған жастарға қатысты қажетті шаралар қабылданып жатқанын мәлімдеді.

«Тексеру аяқталғаннан кейін жасақталған тізім Ресей тарапына жіберіледі. Оларды елге қайтару бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр», делінген министрлік хабарламасында.

Ресей аумағында жүрген және көмекке мұқтаж Қазақстан азаматтары мен олардың туыстары СІМ-нің консулдық қызмет департаментіне және Қазақстанның Ресейдегі дипломатиялық өкілдіктеріне жүгіне алады.

Айта кетейік, бұған дейін Ресейге жұмыс істеуге барған бірнеше жастар әлеуметтік желі арқылы көмек сұраған болатын. Олар күзет саласында жұмыс ұсынылғанымен, кейін құжаттарға қол қойғаннан соң соғыс аймағына жіберілу қаупі туғандығын мәлімдеді. 2 қазанда министрлік осы мәселеге байланысты Ресей тарапына дипломатиялық нота жолдағанын хабарлады.

Еске салайық бұған дейін интернет-дүкенде сауда жасаған 3 мың адам алданып қалғанын жазған едік.

Көп оқылғандар