Қаржы

Шикізат нарығы: алтын мен күміс қымбаттады, мұнай арзандады

Сурет: ЖИ көмегімен жасалды

13 қарашада әлемдік шикізат нарығында ала-құла жағдай орын алды. Бір тәулікте бағалы және өнеркәсіптік металдардың барлығы дерлік қымбаттағанымен, соңғы бір айдағы көрсеткіштері әлі де төмен, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Алтынның бір унциясы 3 913,95 долларға дейін көтеріліп, тәулік ішінде 0,97%-ға өсті. Күміс те 0,87%-ға қымбаттап, 50,45 долларға жетті. Алайда соңғы бір айда алтын 4,67%-ға, күміс 9,26%-ға арзандаған. Екі металдың да жылдық көрсеткіші әзірге теріс.

Өнеркәсіптік металдар нарығында мыстың бір фунты 6,19 доллардан саудаланып, бір күнде 0,15%-ға қымбаттады. Бірақ айлық көрсеткіші 6,35%-ға төмендеген. Жыл басынан бергі өсім 22,97%-ды құрайды. Болат бағасы бір күнде айтарлықтай өзгерген жоқ – өсім небәрі 0,03%, ал бір айда 1,01%-ға арзандады.

Мұнай нарығында құлдырау жалғасуда. Brent маркалы мұнайдың баррелі 95,34 доллар болып, бір күнде 0,5%-ға арзандады. Соңғы бір айдағы төмендеу 10,11%-ға жетті. Дегенмен жылдық өсім әлі де жоғары – 48,07%.

Уранның бір фунты 90,55 долларға төмендеп, бір күнде 0,44%-ға арзандады. Айлық өсім 0,61%-ға баяулағанымен, жылдық көрсеткіш 16,39% оң мәнін сақтап отыр. Осылайша, бір айлық динамика бойынша уран мұнайға қарағанда тұрақтырақ.

Еске салайық, қазан айының соңында әлемдік биржаларда бағалы металдардың құны төмендегені туралы хабарланған болатын.

Көп оқылғандар