Сурет: gov.kz
2026 жылдың қаңтар-қазан айларында Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалы 31,8 млн тоннаны құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8%-ға артты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Көлік министрлігінің дерегінше, екі бағытта да оң динамика байқалады. Қытайдан Қазақстанға 12,1 млн тонна жүк жеткізілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 9%-ға жоғары. Оның ішінде Достық станциясы арқылы 5,0 млн тонна (13%-ға өсім), Алтынкөл станциясы арқылы 7,1 млн тонна (6%-ға өсім) тасымалданды.
«Кері бағытта, яғни Қазақстаннан Қытайға 19,7 млн тонна жүк жөнелтілді. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8%-ға жоғары. Шекаралық өткелдер бөлінісінде Достық станциясы арқылы 13,1 млн тонна жүк тасымалданып, өсім 12%-ды құрады. Ал Алтынкөл станциясы арқылы тасымал көлемі 1%-ға артып, 6,6 млн тоннаны құрады», делінген хабарламада.
Жүк тасымалының ұлғаюы екі ел арасындағы көлік-логистикалық байланыстарды нығайту жөніндегі жүйелі жұмыстардың нәтижесі.
Бұған дейін Қазақстан мен Қытай ауыл шаруашылығы өнімдерін саудалауға арналған бірлескен цифрлық платформаны іске қосқаны, сондай-ақ шегірткеге қарсы экологиялық таза биопрепаратты сынақтан өткізгені мәлім болған.
Мазмұнға өту
