Сурет: Aikyn.kz
«Самұрық-Қазына» АҚ инвесторлар, кредиторлар, халықаралық қаржы институттары және іскерлік серіктестер алдындағы барлық міндеттемелерінің күшінде қалатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Қордың хабарламасында аталған міндеттемелер қолданыстағы келісімдердің талаптарына сай орындалатыны атап өтілген.
Сонымен қатар инвестициялық жобалар мен стратегиялық бағдарламалар бекітілген жоспарға сәйкес жүзеге асырылып жатыр.
«Самұрық-Қазына» қаржылық және институционалдық тұрақтылығын сақтап, стратегиялық қызметтерін орындауды жалғастыруда және отандық әрі халықаралық инвесторлар үшін сенімді серіктес болып қала береді.
Қор барлық серіктестерімен ұзақмерзімді ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті екенін растады.
Мазмұнға өту
