Ақорда

Саян Мұратұлы Балқаш қаласының әкімі болып тағайындалды

Сурет: gov.kz

Президент Әкімшілігі мен Балқаш қалалық мәслихаты депутаттарының келісімімен Саян Мұратұлы Балқаш қаласының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жаңа әкімді қала активіне Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев таныстырды. Саян Мұратұлы мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын 2015 жылы Балқаш қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде бас маман болып бастаған.

Әр жылдары Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасында түрлі қызметтер атқарды. 2022-2024 жылдары Ақтоғай ауданы әкімінің орынбасары болды. 2025 жылдың тамызынан бастап Балқаш қаласының әкімі қызметіне тағайындалғанға дейін Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы қызметін атқарған.

Көп оқылғандар