Сурет: Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігі» АҚ басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Оның телевизия және медиа саласындағы еңбек өтілі 30 жылдан асады. Әр жылдары «Астана» телеарнасын, «Нұр-Медиа» медиахолдингін, «Қазақстан» РТРК» АҚ және «Бірінші арна Еуразия» телеарнасын басқарған. Сонымен қатар Байланыс және ақпарат вице-министрі қызметін атқарған.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, жаңа қызметінде оған «Хабар» агенттігінің қалыптасқан әлеуетін сақтай отырып, негізгі қызмет бағыттарын кезең-кезеңімен жаңғырту міндеті қойылған. Сондай-ақ «24KZ» телеарнасының еліміздің жетекші қоғамдық-саяси арнасы ретіндегі позициясын нығайту көзделіп отыр.
Осыған байланысты Кемелбек Ойшыбаев «Хабар» агенттігі» АҚ басқарма төрағасы қызметінен босатылды.
