Ақорда

Президент Қауіпсіздік Кеңесі аппаратын құру туралы жарлыққа қол қойды

Сурет: Ақорда

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жарлыққа сәйкес, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты құрылды. Бұл орган Президентке тікелей бағынады және есеп береді.

Айта кетейік, шілде айында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше заң мен жарлыққа қол қойған болатын. Соның ішінде Алатау қаласын дамытуға қатысты өзгерістер, «Топырақты қорғау туралы» заң, сондай-ақ жер қатынастары мен агроөнеркәсіптік кешенге қатысты заңнамалық түзетулер бар.

Көп оқылғандар