Сурет: Getty Images
Португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду келесі маусымда ұлттық құрамадағы карьерасын аяқтауы ықтимал. Бұл жайында спорт журналисі Мұхаммед Авад мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Дереккөздің айтуынша, 41 жастағы футболшы 24 қыркүйекте өтетін УЕФА Ұлттар лигасы аясындағы Уэльске қарсы ойында құрама сапында соңғы рет алаңға шығуы мүмкін. Матч Лиссабондағы «Жозе Алваладе» стадионында өтеді. Дәл осы стадионда Роналдудың кәсіби футболдағы үлкен жолы басталған еді.
Криштиану Роналду ұлттық құрама сапында 233 матч өткізіп, 146 гол соққан. Ол Португалиямен бірге Еуро-2016 турнирінде және УЕФА Ұлттар лигасында екі рет чемпион атанды.
Ал клубтық карьерасын Роналду әзірге аяқтауды жоспарлап отырған жоқ. Оның Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубымен жасасқан келісімшарты 2027 жылдың жазына дейін жарамды. Футбол аңызы мансабындағы 1000-шы голын соғу мақсатына жақындап келеді. Футболшы соңғы 975-ші голын әлем чемпионатында Хорватия қақпасына соқты.
Мазмұнға өту
