Сурет: Daniel Heuer/Reuters
АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей мұнайын сатып алатын елдерге баж салығын 100 пайызға дейін көтеру туралы ескерту жасады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Тиісті заң жобасын Өкілдер палатасы мақұлдады. Құжат күшіне енетін болса, баж салығы 100 пайызға дейін жетуі ықтимал. Заң жобасын сенатор Линдси Гремм әзірлеген. Ол қайтыс болғанымен, құжатты талқылау жалғасып келеді.
Сарапшылардың пікірінше, Трамп заң жобасына қол қойса, Ресей, Қытай, Үндістан және Иран экономикасына айтарлықтай кері әсер етуі мүмкін. Бастапқыда құжат тек Ресейге қатысты болған, кейін Трамп түзету енгізіп, Иранды да қосты.
Заң жобасын тамызда Сенат мақұлдаған болатын. Ол үшін 60 дауыс қажет еді, алайда сенаторлар бұл межені асыра орындады. Нәтижесінде құжатты Өкілдер палатасында 262 адам қолдап, 159 адам қарсы болды. Енді заң жобасы Трампқа жолданды. The Wall Street Journal басылымының мәліметінше, АҚШ басшысы құжатқа қол қоюға дайын.
Үндістан өз кезегінде елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мұнайды әртүрлі мемлекеттерден сатып алуды жалғастыратынын мәлімдеді. Бүгінде бұл ел әлемде мұнайды ең көп сататын мемлекеттер қатарында. Алайда үнділік мұнай өңдеу компаниялары жаңа шараларға алаңдаушылық білдіріп отыр. Себебі баж салығы 100 пайызға көтерілсе, бұл түптің түбінде мұнай бағасының қымбаттауына әкелуі мүмкін.
Бұған дейін АҚШ президенті Канада Еуропалық одақтың қауымдастырылған мүшесі болған жағдайда, Құрама Штаттардың Еуропамен сауданы шектеуі мүмкін екенін айтқан еді.
