Сурет: ашық дереккөз
Бүгін Қазгидромет мәліметтері бойынша, еліміздің бірқатар өңірінде ауа райы тұрақсыз болады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Солтүстік Қазақстан, Абай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда және Ұлытау облыстарында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Ал Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қостанай, Ақтөбе мен Жетісу облыстарында екпіні 25 м/с жететін қатты жел күтіледі.
Абай, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында тұман түседі. Түркістан облысының батысында шаңды дауыл болады.
Бұған дейін Балтық елдерінде жойқын дауыл салдарынан 100 мыңнан аса үй жарықсыз қалып, екі адам қаза тапқаны хабарланған болатын.
