Әлем

SpaceX зымыраны Айға соғылып, кратер қалдырды

Сурет: Sputnik.kz

SpaceX-тің Falcon-9 зымыранының жоғарғы сатысы Айға соғылды. Бұл оқиға 2025 жылғы қаңтарда Blue Ghost ай аппаратын ұшыру кезінде болған. Зымыран жанармайы таусылғандықтан, Жерге қайта алмай, жоспардан тыс Ай бетіне құлаған, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

NASA-ның барлау орбиталық аппараты түсірген суретте кратерден тараған ашық және қара түсті сәулелер көрінеді. NASA мамандарының түсіндіруінше, қара жолақтар – Ай бетіндегі шаң мен тау жыныстары, ал ашық түсті жолақтар – терең қабаттардан шыққан жаңа материал.

Бұған дейін америкалық кәсіпкер Илон Масктың байлығы 1 триллион доллардан асатын адамдар қатарына кірмейтіні хабарланған. Сондай-ақ, ол Гомердің «Одиссея» поэмасы желісі бойынша жасанды интеллект көмегімен толықметражды фильм түсіретінін мәлімдеген.

Көп оқылғандар