Әлем

АҚШ Гаагадағы халықаралық сот төрағасына санкция салды

Сурет: Getty Images

АҚШ үкіметі Гаагадағы Халықаралық қылмыстық соттың (ХҚС) төрағасы Томоко Аканэ мен аға прокурор Абдулай Сейеге қатысты санкция енгізді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио бұл тұлғаларды халықаралық соттың юрисдикциясын мойындамайтын елдердің өкілдерін тергеу, қамауға алу немесе сотқа тарту процестеріне тікелей араласты деп айыптады. Ол сондай-ақ ХҚС-ты «жемқор және шамадан тыс саясиланған» орган деп сипаттап, сот өз өкілеттігін асыра пайдаланып отыр деген пікір білдірді.

Гаага соты Вашингтонның бұл шешімін сынға алды. Сот өкілдері мұндай шаралар құқық үстемдігі қағидатына нұқсан келтіретінін атап өтті.

«Судьялар мен прокурорларға заңды қолданғаны үшін қысым көрсету халықаралық құқықтық тәртіпке қауіп төндіреді. Сот өз қызметкерлері мен ауыр қылмыстардан зардап шеккендерді қорғауды жалғастырады», делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Қытай АҚШ-тың 10 компаниясына санкция енгізген болатын.

Көп оқылғандар