Сурет: Egemen Qazaqstan
Қытайдың «Бір белдеу – бір жол» (BRI) бастамасы аясында 2026 жылдың алғашқы жартысында жасыл энергетика жобаларын қаржыландыру көлемі рекордтық деңгейге жетті. Инвестиция көлемі 20,1 млрд долларды құрап, бұл көрсеткіш 2025 жылдың нәтижесінен асып түсті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Квинсленд университеті мен Шанхайдағы Жасыл қаржы және даму орталығының зерттеуіне сәйкес, оның 11,8 млрд доллары құрылыс жобаларына, ал 8,3 млрд доллары тікелей инвестицияларға бағытталған. Сарапшылар мұны мұнай мен газ бағасының қымбаттауы аясында жаңартылатын энергия көздеріне сұраныстың артуымен байланыстырады.
2026 жылдың алғашқы алты айында BRI аясындағы барлық келісімдердің жалпы көлемі де рекорд орнатып, 126,3 млрд долларға жетті. Оның ішінде 49,8 млрд доллар инвестицияларға, 76,5 млрд доллар құрылыс жобаларына тиесілі болды.
Сондай-ақ Қытай өндіріс, технология, металл және пайдалы қазбалар өндіру салаларына қаржы салуды ұлғайтты. Сарапшылардың айтуынша, бастаманы іске асыруда жекеменшік компаниялардың рөлі күшейіп келеді: олардың үлесі 2022 жылғы 13%-дан 2026 жылдың алғашқы жартысында 48%-ға дейін өскен.
Мазмұнға өту
