Сурет: Report
Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясының Фошань қаласындағы тоқыма кәсіпорнында өрт шығып, 8 адам қаза тапты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Қытайдың Орталық телевидениесі мәлімдеді.
Ақпаратқа сәйкес, өрт 20 қыркүйек күні кешкі уақытта Шуньдэ ауданындағы фабрика ғимаратында тұтанған. Қазіргі уақытта оқиға орнында іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.
Айта кетейік, Қытайда көшкін салдарынан 558 адам із-түзсіз жоғалды. Жоғалғандардың арасында 260 шетелдік азамат бар. Табиғи апат салдарынан үш адам қаза тапқан.
