Categories Қаржы

Құрылыс қарқыны артты, баға төмендей ме?

Сурет: ті түсірген – Ерлан ОМАР, «ЕQ»

1 шілдеден бастап елімізде ипотека рәсімдеу тәртібіне өзгерістер енгізіледі. Бұл тұрғын үй нарығына қалай әсер ететіні белгісіз, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

«Halyk Research» зерттеу орталығының дерегінше, биылғы қаңтар–сәуір айларында құрылыс көлемі 14,5 пайызға өскен. Алайда бұл өсім негізінен инфрақұрылымдық жобалар есебінен болған. Тұрғын үй секторында жағдай басқаша: пайдалануға беру қарқыны 6,8 пайыздан 4,9 пайызға төмендеп, ғимараттар құрылысы 3,4 пайызға қысқарған.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, мамыр айында бастапқы нарықтағы баға былтырғымен салыстырғанда 15,9 пайызға өскен. Ең жоғары өсім ірі қалаларда тіркелген: Астанада 18,5 пайыз, Алматыда 19,8 пайыз, Ақтөбеде 19,9 пайыз. Ал қайталама нарықта баға 0,6 пайызға арзандаған.

Қаржы сарапшысы Сұлтан Елемесов құрылыс компанияларының бағаны ұзақ мерзімге бекіту тәжірибесіне көшкенін айтады. «Егер сұраныс жоғары болса, компаниялар бағаны ұстап тұруға ұмтылмас еді. Қазір кейбір девелоперлер белгілі бір талаптар орындалса, пәтер құнын алты айға дейін өзгеріссіз сақтауға дайын. Бірақ бұл баға төмендейді дегенді білдірмейді», дейді ол.

Тәуелсіз сарапшы Светлана Нұртазинаның пікірінше, мәселе көбіне жоспарлау кезеңінде туындайды. «Техникалық-экономикалық негіздеме толық пысықталмайды, инженерлік желілерге қатысты мәселелер кейін анықталады. Нәтижесінде жоба қымбаттап, мерзімі созылады», дейді маман.

Ұқсас жазбалар

«Фридом Финанс» қорғаушысы «ҚазТАГ» агенттігімен даудың сотқа жету себебін айтты

Қазақстанда «КазТАГ» пен «Фридом Финанс» арасындағы дау бойынша сот отырысы басталды. Осыған байланысты адвокат Назерке…

Қазақмыс Ұлытауға инвестиция салып, әлеуметтік нысандар құрылысын тексерді

Қазақмыс корпорациясының басшысы Руслан Өскенәлі Жезқазғандағы әлеуметтік нысандар құрылысын тексерді.

Премьер-министр ХВҚ миссиясымен экономикалық өсуді талқылады

Премьер-министр Олжас Бектенов ХВҚ миссиясының басшысы Амина Ларешпен кездесіп, экономикалық өсу қарқынын оң бағалады.