Қоғам

Қазгидромет 22–24 қыркүйекке ауа райы болжамын жариялады

Сурет: ашық дереккөз

«Қазгидромет» 22–24 қыркүйек аралығындағы ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктердің мәлімдеуінше, алдағы үш күнде өңірлерде ауа райы жылы болады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Апта басында ел аумағынан атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Сонымен қатар ауа температурасы жылдың осы мезгіліне тән жайлы деңгейде сақталады.

Республика бойынша жел күшейеді, түнде және таңертең кейбір жерлерде тұман түседі.

Күндізгі ауа температурасы: батыста +25…+32°С, солтүстік-батыста +20…+31°С, солтүстік және орталық өңірлерде +18…+27°С, шығыста +13…+23°С, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста +25…+32°С.

Айта кетейік, синоптиктер 21 қыркүйекте кейбір аймақтарда ауа райына қатысты ескерту жариялаған еді.

Көп оқылғандар