Сурет: Kazinform
Еліміздің оңтүстік және шығыс өңірлерінің кейбір аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнап, екпінді жел соғады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Астанада ауа райы құбылмалы бұлтты, жауын-шашын күтілмейді. Желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде +13…+15°C, күндіз +29…+31°C.
Алматыда күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай болады. Желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр, екпіні 13 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +18…+20°C, күндіз +30…+32°C.
Шымкентте ауа райы құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +20…+22°C, күндіз +36…+38°C.
Бүгін еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайтынын айта кетейік.
Мазмұнға өту
