Сурет: Egemen Qazaqstan
Ат спортынан Қазақстан ұлттық құрамасының спортшысы Олег Соколенко Польшада өткен CSI2 Biskupiec 2026 халықаралық турнирінде үздік спортшылардың қатарынан көрінді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Medium Tour (130 см) бағыты бойынша 57 спорттық жұп сынға түсті. Олег SHENANIGAN атымен жарыс жолын айып ұпайларынсыз аяқтап, 31,52 секунд нәтижесімен 4-орынды иеленді.
Бұл – 2026 жылғы XX Азия ойындарына дайындық аясында қазақстандық спортшылардың FEI халықаралық турнирлеріндегі қатарынан екінші жоғары нәтижесі. Нидерландыдағы сәтті өнер көрсеткеннен кейін Олег Соколенко халықаралық деңгейде өзінің жоғары дайындығы мен тұрақты нәтижесін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Сондай-ақ, турнирде Қазақстан намысын Раиса Соколенко CHEVALIER атымен қорғады.
Мазмұнға өту
