Сурет: ТСМ
Астанада ересектер арасында шорт-тректен Қазақстан чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлімдеуінше, «Алау» мұзайдыны сарайында өтіп жатқан бәсекеде Қазақстан командасының бапкерлер штабы 2026-2027 жылғы маусымда халықаралық турнирлерге қатысатын Ұлттық құраманы жасақтайды. Бүгін еліміздің үздік спортшылары кезекті жүлделерді сарапқа салды.
Ерлер арасында бірінші орынды Астана қаласының өкілі Әділ Ғалиахметов иеленді. Екінші орынды Шымкент қаласынан Айбек Темірхан, үшінші орынды Солтүстік Қазақстан облысынан Максим Саенко алды.
Әйелдер арасында Батыс Қазақстан облысының спортшысы Алина Ажғалиева жеңімпаз атанды. Шығыс Қазақстан облысынан Зейнеп Құмарқан екінші, тағы бір Батыс Қазақстан облысының өкілі Гүлдана Жалмұқан үшінші орынды еншіледі.
