Спорт

Астанада ұлттық ат спорты клубы ашылды

Сурет: gov.kz

Астанада човган мен ат поло бағыттарын ұштастыратын «Astana Polo & Chovken club» ұлттық ат спорты клубы жұмысын бастады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Клуб 2024 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Осы уақыт аралығында ол халықаралық турнирлерге қатысып, Қазақстанды әлемдік спорт сахнасында таныстырып жүр.

Клубты ат-спорттық бағыттардың еңбек сіңірген қайраткері Аманжол Хасенов басқарады. Клубтың мақсаты – ат спортын дамыту және кеңінен насихаттау, ұлттық дәстүрлерді сақтау, сондай-ақ елорда тұрғындарының ұлттық ат спорты түрлеріне деген қызығушылығын арттыру.

Клуб аясында жаттығулар мен спорттық іс-шаралар өткізіліп, шабандоздардың шеберлігін шыңдауға және спортшыларды жарыстарға дайындауға жағдай жасалып жатыр.

Клубтың ашылуы елордадағы ат спорты мәдениетін одан әрі дамытуға және ұлттық ат спорты түрлерін кеңінен танымал етуге мүмкіндік береді.

Көп оқылғандар