Қоғам

Шыңғырлау ауданында «Мен оқыған 30 кітап» облыстық байқауы қорытындыланды

Жас оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында өткізілген «Мен оқыған 30 кітап» облыстық байқауы Шыңғырлау ауданында өз мәресіне жетті.

Байқауға облыстың 12 ауданы мен Орал қаласынан 2оқушы барлығы 14 оқушы қатысты. Олар оқыған 30 кітап бойынша білімі мен талдау қабілетін көрсетті.

Салтанатты шараға аудан әкімі Мұрат Өмірәлиев, бөлім басшылары, ұстаздар мен кітап жанашырлары қатысты.

Жүлдегерлер:
I орын – 300 000 тг: Бержанова Айкөркем, Ақжайық ауданы
II орын – 200 000 тг: Батрғали Айару, Сырым ауданы
III орын – 100 000 тг: Жунусова Аяжан, Теректі ауданы

Арнайы номинациялар – 50 000 тг:
«Ұшқыр ойлы оқырман» — Амангелді Сезім, Казталов ауд.
«Ізденімпаз оқырман» — Болат Гүлден, Бөкей ордасы ауд.
«Білімпаз оқырман» — Шынтас Інкар, Бөрлі ауд.
«Зейінді оқырман» — Кабидуллиева Азиза, Шыңғырлау ауд.
«Талғампаз оқырман» — Ғарифолла Айша, Орал қ.

Алғыс хат және 25 000 тг: 7 оқушы марапатталды.

«Мен оқыған 30 кітап» жобасы жас ұрпақтың рухани дамуына және ойлау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

Көп оқылғандар