Сурет: Egemen Qazaqstan
19 шілдеде еліміздің мемлекеттік орман қоры аумағында бір ғана орман өрті тіркеліп, ол толықтай сөндірілді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Ақтөбе облысындағы «Қарабұтақ» КММ-де болған өртті сөндіру жұмыстары сәтті аяқталды. Бұған дейін 15 шілдеде Ақмола облысының Ерейментау өңірінде екі, ал 18 шілдеде Шығыс Қазақстан облысында бір орман өрті тіркеліп, олар да толық сөндірілген болатын. Орман шаруашылығы қызметкерлері мен «Қазавиаорманқорғау» РМҚК мамандарының жедел әрі үйлесімді іс-қимылының арқасында өрттер қысқа мерзімде оқшауланып, жойылды.
Өрт ошақтарын ерте анықтау, күштер мен құралдарды уақытылы жұмылдыру, сондай-ақ авиация мен жерүсті қызметтерінің бірлескен жұмысы өрттің кең аумаққа таралуына жол бермей, оны жедел жоюға мүмкіндік беріп отыр. Ауа температурасының жоғарылауына байланысты елімізде орман өрттерінің саны артып жатқанын ескере отырып, табиғатта демалушы азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз.
Мазмұнға өту
