Сурет: Kazinform /ЖИ
Қазақстанда жеміс-жидек пісіп, тұрғындар тосап дайындауға кіріскен. Таңқурай мен қарақатқа сұраныс артты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Таңқурайдың ең арзан бағасы Таразда тіркелген: келісі 1500-1600 теңге. Қызылордада бұл көрсеткіш 1650 теңге. Орал, Талдықорған, Қарағанды және Түркістанда баға 1800-2000 теңге аралығында. Алматыда 2200 теңге, Жезқазғанда 2500 теңге, Өскеменде 2800 теңге, ал Астанада 2500-3000 теңге. Батыс өңірлерде баға жоғары: Ақтөбеде 3500 теңге, Атырауда 3500-4000 теңге.
Қарақат бағасы өңірлерде шамалас. Ең арзаны Қарағандыда: келісі 1400 теңгеден басталады. Алматы мен Ақтөбеде 1500 теңге, Жезқазғанда 1600 теңге, Қызылордада 2000 теңге. Түркістан, Талдықорған және Көкшетауда 2300-2500 теңге. Шымкентте қызыл қарақат 3000 теңге, қарасы 3800 теңге. Ең қымбаты Оралда: сұрпына қарай 2000-5000 теңге.
Кейбір өңірде жидек бағасы келіге емес, шелектің литріне қарай есептеледі. Сондықтан салыстыруда орташа мән алынды. Баға өңірге, жидек сұрпына, шығымына, сауда орнына және жеткізу көлеміне байланысты өзгереді.
