Categories Қаржы

Қазақстанда шетелдіктерге арналған жаңа мобильді қосымша іске қосылады

Сурет: Ашық дереккөз

Қазақстанда шетел азаматтарына арналған көші-қон қызметтерін цифрландыру жалғасуда. Енді олар жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) және басқа да мемлекеттік қызметтерді жаңа мобильді қосымша арқылы ала алады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Үкімет отырысында Ішкі істер министрі Ержан Сәденов мәлімдеді. Қазір еліміздің әуежайлары мен ірі өткізу бекеттерінде шетелдіктерге QR-коды бар туристік карталар таратылып жатыр. Онда Қазақстанда болу ережелері, төтенше жағдай қызметтері мен ұялы байланыс операторлары туралы маңызды ақпарат қамтылған.

Өткен жылы шамамен 80 мың шетелдік Қазақстанға ем алу үшін келген. Көші-қон процестерін одан әрі цифрландыру мақсатында QazETA мобильді қосымшасы әзірленіп жатыр. Жаңа сервис арқылы шетел азаматтары бірқатар мемлекеттік қызметті онлайн форматта пайдаланып, соның ішінде ЖСН рәсімдей алады.

Министрдің айтуынша, жаңа цифрлық қызметтерді іске қосу үшін қажетті заңнамалық түзетулер пакеті қазір Сенатта қаралып жатыр. Еске салайық, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанның елшіліктері, консулдықтары және шетелдегі басқа да мекемелер шетел азаматтарына ЖСН беруді тоқтатқан болатын.

QazETA – шетелдіктерге көші-қон және оған қатысты қызметтерді ыңғайлы, ашық әрі қауіпсіз түрде ұсынуға арналған «бір терезе» қағидаты бойынша құрылған мемлекеттік цифрлық платформа.

Ұқсас жазбалар

Қазақстанда неврологиялық аурулардың ұлттық тіркелімі құрылуы мүмкін

Қазақстан ДДҰ-ның неврологиялық ауруларға қарсы жаһандық іс-қимыл жоспарын іске асыруға қосылады. Астанада өтіп жатқан семинарда…

Сақтандыру компаниялары жыл басынан бері 160,4 млрд теңге төледі

Қазақстандағы сақтандыру төлемдерінің көлемі айтарлықтай өсті. Сақтандыру компаниялары 2026 жылдың басынан бері 160,4 млрд теңге…

Қазақстандықтар зейнетақы жинағынан 5,8 трлн теңге шешіп алған

БЖЗҚ соңғы бес жарым жылдағы зейнетақы жинақтарын пайдалану көрсеткіштерін жариялады. Тұрғын үй жағдайын жақсарту және…