Сурет: пресс-службы ЗКАТУ имени Жангир хана
Жәңгір хан атындағы БҚАТУ баспасөз қызметінің мәліметінше, белгілі қазақстандық марафоншы, Тасқала ауданының құрметті азаматы Ғариф Сәтиев Орал қаласының көшелерімен Пугачев алаңынан туған университетінің ғимаратына дейін жүгіріп өтті.
69 жастағы спортшы бұл жүгірісті 1974-1979 жылдары оқыған оқу орнына және салауатты өмір салтын насихаттауға арнады. Университет ұжымы мен басшылығы өз түлегін жылы қарсы алды.
Ғариф Сәтиев — Almaty Marathon, City Run және Almaty Half Marathon сынды халықаралық және республикалық жарыстардың белсенді қатысушысы. 2022 жылы ол Қазақстан чемпионатында бірінші орынға ие болып, Оралдағы екі марафонда жеңіске жетті.
Спорт ардагері өз үлгісімен жастарды шабыттандырып, спорт пен өзін-өзі жетілдіруде жас шекарасы жоқ екенін дәлелдеп келеді.
