Сурет: Egemen Qazaqstan
Елімізде азаматтар үшін жаңа цифрлық сервис іске қосылды. Енді электрондық жеке медициналық кітапшаны eGov Mobile және Halyk мобильдік қосымшалары арқылы пайдалануға болады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, декреттелген топтағы мамандық иелеріне қағаз түріндегі медициналық кітапшаны алып жүрудің қажеті жоқ. Қажетті ақпаратты смартфон арқылы көрсету жеткілікті.
Сонымен қатар, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет міндетті медициналық тексерулердің уақытылы өтуін қашықтан бақылау мүмкіндігіне ие болды. Егер жеке медициналық кітапшадағы медициналық тексеру туралы жазбалардың мерзімі өтіп кеткен болса, қызметкерді жұмыстан уақытша шеттету бойынша жедел шаралар қабылданады, делінген хабарламада.
Мазмұнға өту
