Сурет: ТСМ
Самарқандта өтіп жатқан 46-шы шахмат Олимпиадасының екінші турында Қазақстан құрамасы тағы да жеңіске жетті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Әйелдер арасындағы бәсекеде қазақстандық шахматшылар 49-орындағы Босния және Герцеговина құрамасын 3:1 есебімен ұтты. Бибісара Асаубаева мен Зарина Нұрғалиева қарсыластарымен тең түссе, Меруерт Камалиденова мен Елназ Қалиахмет өз партияларында басымдық танытты.
Ерлер арасындағы сайыста да отандастарымыз 84-орындағы Нигерияны 3,5:0,5 есебімен жеңді. Құрама сапында тек Даниал Сапенов қана тең ойнады, ал Денис Махнёв, Алдияр Аңсат және Жандос Ағманов жеңіске жетті.
