Әлем

Қытай Ай топырағын БҰҰ-ға тапсырды

Сурет: Silk Way

Қытай Айдың арғы бетінен әкелінген топырақ үлгілерін БҰҰ-ның Венадағы штаб-пәтеріне тапсырды. Бұл үлгілер Вена халықаралық орталығында көрмеге қойылып, көпшілікке таныстырылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қытай ұлттық ғарыш басқармасының басшысы Шань Чжундэ бұл қадамды елдің халықаралық ынтымақтастыққа және ғарышты бейбіт мақсатта игеруге берік екенін көрсететін әрекет деп бағалады. БҰҰ өкілдері үлгілерді адамзаттың технологиялық жетістігінің символы ретінде атап, ғарышты барлық мемлекетке ортақ кеңістік деп есептейді.

2024 жылы «Чанъэ-6» миссиясы тарихта тұңғыш рет Айдың Оңтүстік полюс – Эйткен бассейнінен шамамен 2 келі топырақ үлгісін Жерге жеткізген болатын.

Қазір Қытай адамзат тарихында бұрын-соңды болмаған жаңа жобаны қолға алды. Жыл соңына дейін бұл елде жасанды интеллект негізінде өздігінен жұмыс істей алатын гуманоид роботтар шығарыла бастайды. Олар кейіннен өздері сияқты роботтарды зауыттан шығарады екен.

Көп оқылғандар