Басты тақырып

Тоқаев Нарендра Модиді туған күнімен құттықтады

Сурет: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модиге туған күніне байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Президент өз құттықтауында Нарендра Модидің басшылығымен Үндістан экономикалық өсім, тұрақты даму және ғылыми-техникалық әлеует салаларында әлемдік көшбасшылар қатарындағы орнын нығайтып келе жатқанын атап өтті.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Нью-Делиде өткен БРИКС саммитінде көрсетілген құрмет пен қонақжайлық үшін Үндістан Үкіметінің басшысына алғысын білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Нарендра Модимен екіжақты кездесудің нәтижелі болғанын айтып, оны Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырды. Президент Премьер-министрге мемлекеттік қызметте табыс, Үндістан халқына бақ-береке тіледі.

Бұған дейін Мемлекет басшысы БРИКС XVIII саммитіне қатысу үшін Нью-Делиге барған. Сапар барысында ол «аутрич»/«БРИКС+» форматындағы пленарлық отырыста сөз сөйлеп, бірнеше екіжақты кездесу өткізген.

Көп оқылғандар