Басты тақырып

Астанада 21 жыл бұрынғы кісі өлтіру қылмысы ашылды

Сурет: Polisia.kz

Астанада 2005 жылы зорлық-зомбылық жасалған ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Polisia.kz мәліметінше, айғақтардың болмауына байланысты қылмысты сол кезде ашу мүмкін болмаған.

ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетовтің айтуынша, биыл полиция архивті қайта зерделеп, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді.

«Нәтижесінде қылмысқа қатысы бар Павлодар облысының 2 тұрғыны анықталды. Тамыз айында күдіктілер ұсталып, кінәларын мойындады. Қазіргі уақытта екеуі де қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр. Өткен жылдардағы қылмыстарды ашу Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауында», деді Қанат Нұрмағамбетов.

Айта кетейік, қылмыс жасалғаннан кейін 17 жыл өткен соң Алматыдағы резонанс тудырған кісі өлтіруге қатысушыға қатысты сот үкімі шыққан. Қылмыскер Еуропада 17 жыл жасырынып жүрген.

Сондай-ақ, Алматы облысының прокуратурасы шамамен 20 жыл бұрын жасалған кісі өлтіру ісі бойынша тергеп-тексеруді соңына жеткізді. Қадағалау органы қызметкерлерінің арқасында қылмысқа қатысқан үшінші сыбайлас анықталып, сотталды.

Көп оқылғандар