Сурет: Алматы қаласының әкімдігі
«Қазгидромет» еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады. Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
«19 тамызда Алматы қаласында, түнде Атырау, Ақтөбе, Өскемен, Көкшетау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі», делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Бұған дейін Қарағанды облысында кәсіпорындардың бірі экологиялық заңнама талаптарын өрескел бұзғаны туралы хабарлаған едік.
Сонымен қоса, Қарағанды облысы бойынша Экология департаменті «Қарағанды Су» кәсіпорнына жоспардан тыс тексеру жүргізді. Аталған кәсіпорынға 10 млн теңгеге жуық айыппұл салынды.
Мазмұнға өту
