Сурет: @KZgovernment
Үкіметте медициналық техниканы орталықтандырып сатып алу кезінде бағаны оңтайландыру және бюджет қаржысын тиімді жұмсау мәселесі талқыланды. Негізсіз қымбат баға анықталса, жедел шара қолданылатыны тапсырылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев медициналық техниканы орталықтандырып сатып алу жөнінде кеңес өткізді.
Кеңесте бағаны қалыптастыру мен оңтайландыру әдістерін жетілдіру, бюджет қаржысын тиімді пайдалануды арттыру және медициналық ұйымдарды қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге бағытталған нақты шараларды қабылдау мәселелері қаралды.
Қазіргі жағдайда негізгі міндет – медициналық ұйымдардың жабдықтарға жоспарланған ағымдағы қажеттілігін сақтай отырып, үнемдеуді қамтамасыз ету екені атап өтілді.
Кеңес қорытындысы бойынша медициналық техниканың негізсіз жоғары құны анықталса, жедел шаралар қабылдау, сондай-ақ жабдықтың сапасы мен техникалық сипаттамаларына қойылатын белгіленген талаптардың сақталуын қамтамасыз ету жөнінде тапсырмалар берілді.
