Сурет: ашық дереккөз
Синоптиктер бүгін Қазақстанда жауын-шашынсыз ауа райы болады деп болжап отыр. Солтүстік аймақтарда үсік, ал оңтүстікте шаңды дауыл тұрады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Оңтүстік және оңтүстік-батыс өңірлерде атмосфералық фронттардың әсерінен найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Республика бойынша жел күшейіп, түнде және таңертең тұман болады.
Түнде Қызылорда облысында дауыл, ал Түркістан облысында күндіз шаңды дауыл соғады.
Түнде Ақмола облысының батысында, солтүстігінде және шығысында, Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында, Қостанай облысының солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының батысында және солтүстігінде, Павлодар облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында, Қарағанды облысының солтүстігінде және шығысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында, Абай облысының батысында, солтүстігінде және орталығында 1-3 градус үсік күтіледі.
Айта кетейік, қазан айының алғашқы күнінде ауа райы жауын-шашынды болады.
